АУЫЗ ҚУЫСЫНДАҒЫ ДЕКУБИТАЛЬДІ ЖАРА
Мақаланың мазмұны
Декубитальді немесе жарақаттық жара — ауыз қуысының шырышты қабықшасының барлық қабаттарын қамтитын терең ақау. Декубитальді жараның ерекшеліктері — ол ауыртады, қиын жазылады, ауызда ұзақ уақыт жазылмаған жағдайда қатерлі ауруға айналады1,2. Себептері, симптомдары, емдеу тәсілдері туралы толығырақ - мақалада.
СЕБЕПТЕРІ
Жарақаттық жара шырышты қабықшаға жарақаттаушы фактор ұзақ уақыт әсер еткенде орын алады. Мұндай жарақаттаушы факторларға келесілер жатады2,3:
- шеттері бос орнатылған сапасыз пломбалар;
- дұрыс орнатылмаған протездер және ортодонтиялық құрастырмалар, тістердің өткір жиектері;
- жақтың шырышты қабықшасын, тілді т.б. тістеу әдеті.
Жарақаттың жаралардың ықтималдығы сәулелі терапия немесе химиядан кейін артады 1.
СИМПТОМДАР
Көп жағдайда декубитальді жара тіл мен жақтың шырышты қабықшасында тістердің жанасу сызығы бойында түзіледі 3.
Жаралардың түрлері1,2:
- жеке;
- жиегі немесе түбі тегіс емес;
- лас-сұр қақпен жабылған;
- аурудың басында жұмсақ болып, ұзақ уақыт жүрген жағдайда тығыздалады.
Ақау айналасындағы шырышты қабықша қызарған және ісінген. Жақын орналасқан лимфа түйіндері ұлғайған және ауырады.
Жара қатты ауырсыну тудырады. Пациенттер дұрыс тамақтанып, сөйлесе алмайды, ауыз қуысында ауыратын түзілімді және тұрақты жайсыздық сезінеді 2.
Ауыз қуысының гигиенасы нашар болған жағдайда, жараға инфекция түсіп, бұл айналасындағы тіннің қабыну реакциясын асқындырады және иісі жағымсыз, сұр-жасыл қақтың пайда болуына алып келеді 1.
Ақаудың терең болуына байланысты ол баяу жазылады. Ұзақ уақыт жүрген жағдайда (2-3 ай) жарақаттық жара қатерлі түрге айналуы мүмкін 1.
ЕМДЕУ
Декубитальді жараның басқа аурулармен: қатерлі ісік, туберкулездік немесе трофтық жара, мерез жағдайындағы қатты шанкрмен ұқсас белгілері бар1. Сол себепті, дұрыс диагноз қойып және сәйкес емдеу түрін тек дәрігер тағайындай алады.
Барлық механикалық зақымдану жағдайында бірінші кезекте жарақаттаушы факторды анықтап және жою керек. Күрт ауырсыну жағдайында жараның ауруын басу, қабынуды жою және инфекция қосылуына жол бермеу керек 1. Ауыз қуысының шырышты қабықшасының жарақаттануы жағдайында қолданылатын жергілікті препараттардың бірі стоматологиялық https://holisal-new.imkich.ru/ Холисал®гелі болып табылады. Препараттың құрамы4:
- холин салицилаты — тура қабынуға қарсы әсері бар СЕҚҚД тобының препараты. Жараға жаққанда ауруды басатын әсері 2-3 минут өткеннен кейін батсалып және 8 сағатқа дейін созылуы мүмкін;
- цеталконий хлориді— әсер ету спектрі кең антисептик, ол инфекцияның қодырғыштары: бактериялар, зең, вирустармен күресуге көмектеседі;
- Гельді адгезиялық негіз — әсердің дамуын қамтамасыз етеді және әсер ететін құрамдауыштарды зақымдану орнында ұзақ уақыт ұстайды.
Холисал® гельді таза саусаққа сығып алып, шырышты қабықшаның зақымдалған жеріне жағады. Кейде гель жаққан кезде аз уақытқа жеңіл күйдіру сезімі болуы мүмкін, алайда, бұл өз бетінше басылады 4.
Өзін-өзі диагностикалауға және өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды. Қалай болғанда да, сіз дәрігерге қаралуыңыз керек. Тек дәрігер ғана дұрыс диагноз қойып, оңтайлы емдеуді таңдай алады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Дмитриева Л. А. Терапевтік стоматология /Ред. Дмитриева Л. А. , Максимовский Ю. М.— Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа, 2009. — 912 б., т.17.01.
- Фирсова И.В., Поройский С.В. және қосавт. Геронтостоматологияда заманауи емдеу әдістерін қолдану тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы. Волгоград ғылыми-медициналық журналы. 2018; 3: 33-36.
- Леонтьев В. К. Балалар терапевтік стоматологиясы/ред. Леонтьев В. К., Кисельникова Л. П. — Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа, 2021. — 952 б., т. V, р.9.
- Холисал ® стоматологиялық гель (холина салицилаты, цеталконий хлориді) препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық.