ауыз қуысының шырышты қабығының қабыну процестері

Тіс протездерін, пирсинг, брекет, тіс қалқанын киіп жүргенде ауыз қуысының шырышты қабықшасының зақымдануы орын алуы мүмкін. Шырышты қабықшаның зақымдануы қабыну және жағымсыз симптомдармен қатар жүреді. Шырышты қабықшаның зақымдануы қандай симптомдардан көрініс табады, оны қалай емдеуге және инфекциядан қалай қорғануға болады? Мақаладан көре аласыз.

АУЫЗДАҒЫ ЖАРАҚАТТАРДЫҢ ӨЗІНЕ ТӘН ЕРЕКШЕЛІГІ - БІРҚАТАР ЖАҒДАЙДА ОЛАРҒА ИНФЕКЦИЯ ТҮСІП, БҰЛ ҚАБЫНУ ПРОЦЕСІН АСҚЫНДЫРЫП ЖӘНЕ ЖАЗЫЛУДЫ БАЯУЛАТУЫ МҮМКІН 2.

СЕБЕПТЕРІ

Әлсіз болсада, ұзақ уақыт әсер ететін тітіркендіргіш, мысалы, түрлі ортодонттық құрастырмалар, брекеттер, протездер және басқалары шырышты қабықшаның механикалық жарақатына алып келуі мүмкін.

Адамның аузында көптеген микроағзалар тіршілік етеді, сол себепті, кез-келген жара өте тез асқынады. Ауыз қуысында жасанды құрастырманың болуы бактериялардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды. Ғалымдар протездік стоматит жағдайында патогендік бактериялардың мөлшері 2,5 есе, ал Candida зең ауруының мөлшері 7 есе артатынын анықтаған 2.

БЕЛГІЛЕРІ

Ауыздағы жағымсыз сезім, ауырсыну, күйдіру, қан кетуге шағымдар болуы мүмкін 3.

Шырышты қабықша зақымдалған жағдайда өзгерістер келесі түрде3:

  • беттік қабынулар. Жарақат орнында шырышты қабықша қызарған, ісінген және түрлі мөлшерде қан кету бар;
  • эпителий тұтастығының бұзылуы (эрозия, жара). Эрозия — беттік ақау, жара — терең. Эрозиялар және жаралар ауырту тудырады. Егер жара жазылмай, бірақ ауырғаны басылса, бұл қатерлі түрге айналуының белгісі болуы мүмкін.

Бұдан кейін созылмалы жарақат орнында шырышты қабықшаның жабылуы немесе қабыршақтанған орындар пайда болуы мүмкін 1,3.

ЕМДЕУ

Зақымдануға қандай ем қолданатынын дәрігер диагностикадан кейін анықтайды. Негізінен алдымен зақымдаушы факторды жояды: тістердің өткір жиектерін тегістейді, протездерді қалпына келтіреді және түзетеді 1,3.

Ауыз қуысының шырышты қабығының қабыну процестері жағдайында қолдануға ұсынылатын препараттардың бірі  — бұл  Холисал®стоматологиялық гелі.

Холисал® кешенді әсер етеді, себебі құрамында келесілер бар4:

  • холин салицилаты — СЕҚҚД тобына жататын препарат (стероидты емес қабынуға қарсы дәрі). Тікелей қабынуға қарсы және ауруды басатын әсер көрсетеді;
  • цеталконий хлориді — антисептик, бактериялар, зең ауруы, вирустармен күресте көмектеседі.
  • Гельді адгезиялық негіз — әсердің дамуын қамтамасыз етеді және белсенді құрамдауыштарды зақымдану орнында ұзақ уақыт ұстайды.

Өзін-өзі диагностикалауға және өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды. Қалай болғанда да, сіз дәрігерге қаралуыңыз керек. Тек дәрігер ғана дұрыс диагноз қойып және оңтайлы емдеу таңдай алады. 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Гериатриялық  гастроэнтерология: дәрігерлерге арналған нұсқаулық / ред. Хорошинина Л. П. — Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа, 2022. — 736 б., т.VI.
  2. Байбеков И.М., Рахманов Х.Ш. және қосавт.. Протездік стоматиттерді кешенді емдеуде қолданғанда «Барва-флекс /сик» және Холисал жарық диодтарының қабынуға қарсы және бактерияға қарсы әсері. // Биология және медицина мәселелері. — 2020. № 4. Том. 120. — С. 32-37.
  3. Барер Г. М. Терапевтік стоматология. 3-бөлім. 3 бөлім. Ауыз қуысының шырышты қабықшасының аурулары: оқулық/Ред. Г.М. Барера — 2-бас., толықтырылған және өңделген — Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа, 2015. — 256 б., т.3.
  4. Холисал ® стоматологиялық гель (холина салицилаты, цеталконий хлориді) препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық. 

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ӨЗ БЕТІМЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН КЕЛТІРУІ МҮМКІН