ГИНГИВИТ
Мақаланың мазмұны
Тіс айналасындағы тіндердің қабыну аурулары гингивиттен басталады. Гингивит — тек қызыл иек тіндерімен шектелген қабыну, бұл ретте тістердің қызыл иекпен байланысының тұтастығы бұзылмайды1.
ТІС ДӘРІГЕРІНЕ ЖҮГІНЕТІН ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ЖАЛПЫ САНЫНЫҢ 90% ДЕЙІН ГИНГИВИТТІҢ ҮЛЕСІНЕ ТИЕСІЛІ 2, ЕР АДАМДАР МЕН ӘЙЕЛ АДАМДАР БІРДЕЙ ДӘРЕЖЕДЕ АУЫРУҒА БЕЙІМ1.
Егер ауру емделмесе, онда қабыну одан әрі жалғасып тіс айналасындағы тіндер өрши түседі - пародонт, ол пародонтитке айналып, жақ пен бет сүйекке таралады, бұл тістің түсуіне алып келеді. Гингивиті бар пациенттердің қабынған қызыл иектері - интоксикация және инфекциялық аллергияның көзі2. Гингивитті уақытында анықтау және қалай емдеу туралы - мақалада қарастырамыз.
СЕБЕПТЕРІ
Қызыл иек жергілікті және жалпы факторлардың қолайсыз әсерінен қабынады. Жергілікті факторлардың ең маңыздысы ауыз қуысының қанағаттанарлықсыз гигиенасына байланысты туындайтын бактериялық өңез. Келесі жергілікті фактор — химиялық заттар, механикалық әсер ету, тіс-жақ сүйек деформациясы салдарынан жарақат алу2.
Гингивитке себеп болатын жалпы факторлар 1,2:
- зиянды әдеттер;
- иммунитеттің төмендеуі;
- гормондық дисбаланс;
- кәсіби аурулар;
- қан аурулары;
- күйзеліс;
- кейбір дәрілік құралдарды қабылдау.
ГИНГИФИТ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОҒАН ТӘН СИМПТОМДАР
Гингивит келесі формаларда байқалуы мүмкін3:
- қабынбалы;
- гипертрофиялық;
- ойық жаралы.
Ағымы бойынша жіті және созылмалы гингивит түрлерін ажыратады. Ауру басталғаннан кейін 1-2 аптадан кейін қабыну созылмалы сипатқа ие болады 4.
Қабынбалы формасы жас адамдарда жиі байқалады. Бұл симптомдары аз болатын, қызыл иектің шырышты қабықшасының беттік қабынуы. Адам ұзақ уақыт бойы ауруды байқамауы мүмкін, себебі гингивиттің басталуы әдетте айтарлықтай ауырсынумен және басқа да жағымсыз белгілермен қатар жүрмейді. Келесі белгілер байқалуы мүмкін 1,4:
- қызыл иектің ісінуі, қызаруы немесе көгеруі;
- ауыздан жағымсыз иіс шығуы;
- тіс тазалау немесе қатты тағам қабылдау кезінде шырышты қабықшадан қан кетуі;
- тіс өңезі немесе тіс тасының пайда болуы;
- тістер аралықтарының қабынуы.
Басты белгісі — қызыл иектің қанауын — пациенттар әдетте өздері емдеуге тырысады. Жұмсақ щетка пайдалана бастайды немесе тістерін тазалауды мүлдем тоқтатады, осы арқылы процессті тереңдете түседі 4.
Гипертрофиялық гингивит көбінесе жасөспірімдерде, жүкті әйелдерде, кейбір дәрілік құралдарды қолдану кезінде (эпилепсияға қарсы, жүрек, иммунобасқыштар) пайда болады1,4. Бұл қызыл иек тінінің өсуінен байқалатын созылмалы қабыну ауруы. Процесс бүртіктердің ісінуінен, қызыл иектегі жағымсыз сезімдерден басталады. Бүртіктер көгереді, жанасқанда немесе өздігінен қанайды, аздап ауырады. Уақыт өте келе, бүртіктер фиброзды тіннің өсуіне байланысты тығыздалады және ұлғаяды, қан кету тоқтайды, қызыл иектің астына тіс шөгінділері жинала бастайды. Ұзақ уақыт қабыну жағдайында тіс арасындағы бүртіктердің көлемі өсіп, деформацияланады. Өсудің дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін 1,4:
- жеңіл — қызыл иек тіс сауытының 1/3 жауып тұрады;
- орташа — жартысына дейін жетеді;
- ауыр — тістің жартысынан астамын жабады.
Гипертрофиялық гингивит симптомдарына ісіну, дізілдеу және тісті тазалау кезіндегі қанау, қызыл иектің қызаруы, тіс аралығындағы бүртіктердің ұлғаюы, көгеруне байланысты эстетикалық ақау жатады4.
Ойық жаралы гингивит қан ауруының, АИВ-инфекциясының бастапқы себебі болуы, сонымен қатар, дәрілік құралдар қабылдаудан туындауы мүмкін1,4. Бұл қызыл иекте жара пайда болуы, қан кетуі түрінде байқалатын қабыну ауруы.
Ауру жалпы симптомдардан: өзін нашар сезіну, дене температурасының жоғарылауы, бас ауыруынан басталады. Қызыл иек ауырады, қанайды, олардың шырышты қабықшасы сұр түсті үлдірмен -тіннің түсу ошақтары (некроз) жабылады. Шырышты қабықшаның некрозы шектеулі аумақта болуы немесе барлық қызыл иекке таралып, жақтың, бадамшаның шырышты қабықшасына жетуі мүмкін 1. Тіс арасындағы бүртіктер қиылған түрде және олардың орнында сұр өңез қабаты болады. Ауыздан иіс шығады, кейде артық сілекей бөлініп, тамақтану қиындайды, лимфа түйіндері ұлғаяды және ауырады 1. Тән белгілері — қызыл иектің айқын байқалатын қызаруы, петехиялық қан кету, шырышты қабықшаға жара шығуы 4.
ГИНГИВИТТІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ терапия МАҚСАТТАРЫ
Гингивит бірнеше кезеңде өтеді:
- Ауыз қуысында өмір сүретін және тіс шөгінділерінде жиналатын патогендік микроорганизмдердің қызыл иек тінсының зақымдануы. Патогенді бактериялар шырышты қабықтың жасушаларын бұзуға қабілетті ферменттер бөледі. Сол себепті, емдеу бірінші кезекте зақымданудың басты себебі - бактериялар және олардың тіс қағында жиналуын жоюға бағытталуы керек 4. Бұл үшін тісті кәсіби тазалауды жүзеге асырады: тіс тасын және бактерия шөгінділерін кетіреді, тістің түбіріне жақын аумақтарын пломбалайды. Сонымен қатар, маман пациентке ауыз қуысының дұрыс гигиенасын үйретеді. Стоматологияда тіс щеткасын, пастасын, тіс жібін және бактерияға қарсы шайғышты қолданатын күнделікті гигиенаның төрт сатылы сызбасы қабылданған. Тазалаудан кейін антисептиктер тағайындайды 2.
- Қайтарма қабынудың дамуы. Қызыл иектің тіні зақымдануға қабыну арқылы жауап қайтарады. Дегенмен, адамдардың қабынуға сезімталдығы әр түрлі болады. Кейбір адамдарда қабыну аз уақыт ішінде толықтай жазылады. Бірақ кейбір адамдар ағзаны қорғамайтын, керісінше тіннің бұзылуына және асқынуларға әкелетін артық ұзақ мерзімді қабыну реакциясын дамытады. Осыдан келесі мақсат - қабынуды басу туындайды. Бұл үшін қабынуды басатын құралдар қолданады 5.
- Ауру симптомдарының байқалуы. Қабыну кезінде бірінші кезекте, ауру және қан кету түріндегі қажетсіз белгілер пайда болады. Мұнда емдеудің мақсаты - ауруды басу және жазылуды жеделдету. Осы мақсатта симптоматикалық құралдар, ауруды басатын құралдар қолданылады6.
ЕМДЕУ
Ересектерде гингивитті емдеуді тістерді кәсіби тазалаудан басталады.
Жергілікті дәрілік құралдардан гигнивиттің барлық кезеңдерінде әсер ететін түрлерін таңдайды. Дәрінің кешенді емдік әсері болуы, ұзақ уақыт пайдалану үшін қарапайым және қолайлы болуы керек. Холисал®6 стоматологиялық гелі осындай параметрлерге сәйкес келеді.
Холисал® емдеудің барлық кезеңдерінде әсер етеді. Холисал® қызыл иекке арналған гелін гингивит жағдайында қолдану оның құрамына негізделеді6,7:
- холин салицилаты — стероидты емес қабынуға қарсы құрал, ол қабыну мен ауруға қарсы әсер көрсетеді. Зең және бактерияға қарсы әсері де бар;
- цеталконий хлориді — бактерияларға, зең ауруына және вирустарға әсер ететін антисептик;
- гельді адгезивтік негіз әсер ететін затты шырышты қабықшада ұзақ уақыт ұстап тұрады. Ауруды басатын әсері дәріні жаққаннан кейін 2-3 минуттан кейін күшіне енеді және 2 сағаттан 8 сағатқа дейін созылуы ықтимал.
Тіндік алмасуды тұрақтандыру мақсатында мультивитаминді кешендері тағайындалуы мүмкін. Гипертрофиялық гингивитте хирургиялық емес — гингивэктомия қажет болуы мүмкін. Гингивитпен ауыратын емделушгілер жылына кем дегенде 2 рет профилактикалық тексеруден өтеді, оның барысында кәсіби гигиена және тісті тазалауды бақылау жүзеге асырылады 4.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Пародонт аурулары/ Гончарик П.В., Кравченко А.В. және қосавт. — Гомель: ГУ «РНПЦ РМиЭЧ», 2018. — 37 б., бет.5-6, 8-20, 28-31.
- Гингивит диагнозына арналған клиникалық ұсыныстар (емдеу хаттамалары). 2018 жылғы 2 тамызда өзектендірілген.
- Пародонтология /ред. Янушевич О.О. , Дмитриева Л.А. — Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа, 2018. — 752 б., т.8, б.2.
- Терапевтік стоматология: ұлттық нұсқаулық/ред. Дмитриева Л.А., Максимовский Ю.М.. — 2-бас., өңделген және толықтырылған — Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа, 2021. — 888 б., тар.14, бет.15-24.
- Shatha Bamashmous, Georgios A Kotsakis et al. Human variation in gingival inflammation. Proc Natl Acad Sci U S A. 2021 Jul 6;118(27):e2012578118. doi: 10.1073/pnas.2012578118.
- Фисюнов А.Д., Чернявский Ю.П. Амбулаториялық стоматологиялық тәжірибеде «Холисал» препаратын қолдану нәтижесі. ВММУ хабаршысы. 2012; 11 (2): 165-170.
- Холисал ® стоматологиялық гель (холина салицилаты, цеталконий хлориді) препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық.
Қарсы көрсетілімдері бар. Қолдану алдында нұсқаулықпен танысу керек.