ХОЛИСАЛДЫ® АШЫҚ ЖАРАҒА ЖАҒУҒА БОЛАДЫ ма?

АУЫЗДАҒЫ ЖАРАҚАТТАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН СИМПТОМДАРЫ

Ауыздағы жарақат жұмсақ тіннің тұтастығының кез келген механикалық зақымдануы салдарынан туындауы мүмкін1. Оны кейбір себептері келесідей2,3:

  • хирургиялық араласу (мысалы, тісті жұлу, қандауырмен, бұрғымен зақымдану);
  • соққы, өткір заттармен жарақаттау;
  • алынбалы протездерге бейімелу кезеңі;
  • жақтың шырышты қабықшасын және тілті тістеу.

Жарақат - бұл ашық зақымдану. Жарақаттану жағдайында тек шырышты қабықша ғана емес, терең тіндер де зақымдануы ықтимал, бұл ауырсынумен, қан кетумен және үңіреюмен қатар жүреді (жараның шеттерінің сәйкессіздігі).

Жарақаттар себептері әр түрлі болуы мүмкін, алайда, оларды емдеудің ортақ мақсаты — жылдам жазылуына қол жеткізу3.

ЖАРАҚАТТЫҢ ЖАЗЫЛУ КЕЗЕҢДЕРІ

Жағдайға байланысты жарақатты тігуі мүмкін немесе ол өз бетімен жазылады. Кез келген жағдайда жазылу процесін шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: қабыну, пролиферация (көбеюі)  және эпителизация (жазылуы) 1.

Жазылу жарақаттан кейін бірден қабыну фазасынан басталады. Қабыну фазасына бірнеше маңызды оқиғалар кіреді1:

  • қанды тоқтату. Зақымдалған тамырлар тарылып, тромбоциттер олардың арнасына жабысып, қан жоғалтуды тоқтатады;
  • қабыну реакциялары. Биоактивті заттардың әсерінен жарақаттан кейін уақытша тарылған тамырлар кеңейеді. Зақымдалған аймақта қабыну басталады, ол ісіну, қызару, ауырсыну, метаболикалық процестердің жергілікті жоғарылауымен көрінеді;
  • инфекциядан қорғау. Кеңейтілген тамырлардан иммундық жасушалар зақымдалған аймаққа келе бастайды. Олар жараны өлі тіннен, бактериялардан және олардың уыттарынан тазартуды қамтамасыз етеді.

Қабыну фазасының соңында жара «таза» болады, қабыну басылады, пролиферация (көбею) кезеңі басталады - жарақаттың ақауын жаңа тінмен толтыру процесі1. Дегенмен, ауыз қуысының зақымдануының жағымсыз қасиеті -олар әрдайым ауызда бактериялардың болуына байланысты инфекция жұқтыру болады. Бұдан басқа, адам үнемі тамақтануы керек, сол себепті,  тінді қалпына келтіру кезеңінде толық тыныштықпен қамтамасыз ету мүмкін емес, олар үнемі химиялық және физикалық белсенділікке ұшырайды. Нәтижесінде ластанған және қабынған жара баяу жазылады1,3.

ХОЛИСАЛДЫ®  ЖАРАҒА ЖАҒУҒА БОЛАДЫ МА?

Ауыз қуысының шырышты қабықшасының жарақаттары қолданылатын препараттардың бірі — Холисал® стоматологиялық гелі. Құрамы4:

  • холин салицилаты. Қабынуға қарсы құрал, қабыну және оның симптомдары: ауру, ісіну, қызаруды басуға көмектеседі;
  • цеталконий хлориді. Жергілікті антисептик, вирустар, бактериялар және зең ауруларына қатысты белсенді;
  • гельді адгезиялық негіз. Әсердің дамуын қамтамасыз етеді және белсенді құрамдауыштарды орнында ұзағырақ ұстап тұрады.

Қолдану үшін Холисал® гелінің жолағын таза саусаққа сығып алып, шырышты қабықшаның зақымдалған жеріне жеңіл қозғалыспен жағыңыз. Препаратты компресс түрінде де қолданады 4.

Өзін-өзі диагностикалауға және өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды. Қалай болғанда да, сіз дәрігерге қаралуыңыз керек. Тек дәрігер ғана дұрыс диагноз қойып және оңтайлы емдеуді таңдай алады,

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Бордаков В.Н. Рана. Жарақат процесі. Жараны емдеу ұстанымдары: оқу әдістемелік құрал / Бордаков В. Н. — Минск: БММУ, 2014. — 31 б.
  2. Дмитриева Л. А. Терапевтік стоматология: ұлттық нұсқаулық/ред. Дмитриева Л. А.  Максимовский Ю. М. — 2-бас., өңделген және толықт. — Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа, 2015. — 888 б., т.17. 5 бет
  3. Воложин А.И., Гемонов В.В. және қосавт. Тәжірибеде рекомбинантты эпидермиялық өсу факторын қолдану әсерінен ауыз қуысының шырышты қабығының хирургиялық жарасын емдеу. Ресей стоматологиясы. 2011;4(1):3237.
  4. Холисал ® стоматологиялық гель  препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық.  Тіркеу куәл.: П N012118/01 от 24.08.2010.
  5. Максимова О.П. "Холисал" препаратының пародонт аурулары мен ауыз қуысының шырышты қабықшасын кешенді емдеудегі рөлі. Клиникалық стоматология. 2018; 2 (86): 46-49.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ӨЗ БЕТІМЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН КЕЛТІРУІ МҮМКІН