ПАРОДОНТИТ

ПАРОДОНТИТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Пародонтит — пародонттың, көп жағдайда инфекция себеп болатын, қабыну ауруы1. Пародонт ауруларында бактериялардан басқа зең, қарапайымдар, вирустар да болады, яғни инфекция аралас сипатта болады2.

ҚАБЫНУ ПРОЦЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АЛДЫМЕН ТІСКЕ ЖАҚЫН ҚҰРЫЛЫМДАР БҰЗЫЛЫП, КЕЙІН ТІСТІҢ ӨЗІ ТҮСУІ мүмкін1. ДДСҰ ПАРОДОНТ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҒАЛАМШАРДАҒЫ ЕРЕСЕКТЕРДІҢ 95% ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ 80% БАР ЕКЕНІН АТАП КӨРСЕТКЕН3.

Пародонт — бұл тістің айналасындағы тіндер. Пародонттың көзге көрінетін бөлігі — қызыл иек. Қызыл иектің астында4:

  • тіс түбірлері орналасқан ойықтары бар альвеолярлы сүйек;
  • тісті тіс ойығында бекітетін байлам — периодонт (тістің дәнекерлік қабығы);
  • тіс түбірлерінің цементі болады.

Пародонт маңызды қызмет атқарады: тісті сүйектерге берік бекітеді, ауыз қуысының тіндерін нәрлендіреді, шайнау кезінде жаққа жүктемені біркелкі бөлу арқылы амортизатор қызметін атқарады3. Пародонт патологиясы айқын белгілерсіз жасырын басталады. Ерте кезеңдерде оны анықтау қиын, ал кеш кезеңде — емдеу қиын5.

ПАРОДОНТИТ БЕЛГІЛЕРІ

Симптомдары аз байқалатындықтан, пародонтиттің басталуы байқалмауы мүмкін. Дегенмен, ауру өздігінен жазылмайды, пародонтит созылмалы түрде өтеді және жиі асқынады. Ауру тістің түсуінен басқа да асқынулар: бет және жақ сүйектеріндегі іріңді процестерді, ағзаның созылмалы интоксикациясын, иммунитеттің әлсіреуін тудыруы мүмкін 5.

Сол себепті, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда бірден дәрігерге жүгіну  керек 5,6:

  • ауыздан жағымсыз иіс шығуы;
  • қызыл иектің қызаруы, ісінуі және қанауы;
  • таңертеңгі уақытта жабысқақ сарғыш сілекей;
  • тісті тазалағанда, шайнағанда, тітіркендіргіш немесе ыстық тағам қолданғанда ауырсыну;
  • қызыл иек жиектерінен бөлінділер;
  • тістердің қозғалуы;
  • «тіс тасы» немесе жұмсақ қақтың пайда болуы;
  • тістер арасында саңылау пайда болып, олардың ығысуы, бұралуы.

ПАРОДОНТИТ СЕБЕПТЕРІ

Жіті пародонтит аса сирек дамиды, ол дәрігерлік араласудан кейінгі механикалық жарақаттан туындайды: тістерді пломбалау, протезді бекіту, ортодонттық емдеу3,5.

Созылмалы пародонтиттің алдында үнемі қызыл иектің қабынуы — гингивит болады3,5. Пародонтиттің дамуына жалпы және жергілікті факторлар, сонымен қатар, олардың үйлесімі әсер етеді3.

Жалпы факторлар — бұл 3,6:

  • тұқым қуала бейімдік;
  • ішкі мүшелер: жүрек және қан тамырлары, бауыр, бүйрек, ішектің созылмалы аурулары;
  • дәрумендер мен минералдардың жетіспеуі;
  • қан тамырлық бұзылулар;
  • ағзаның қарсылығының төмендеуі;
  • гормондық, иммунодепрессанттар, жүктілікке қарсы және басқа да дәрілер қабылдау.

Жергілікті факторлардан пародонтитке пародонтқа артық немесе жеткіліксіз жүктеме алып келуі мүмкін. Артық жүктеме тістер жетіспегенде, қате протездеу немесе пломбалау жағдайында, тістеу бұзылғанда орын алады. Пародонтқа «жүктеменің жетіспеуі» шайнауды қажет етпейтін, жұмсақ, өңделген тағамды пайдаланғанда мүмкін болады. Сонымен қатар, пародонтиттің себептерінің бірі сілекейдің жеткіліксіздігі немесе оның құрамының бұзылуы болады 3.

Дегенмен де 80% жағдайда пародонт ауруын тіс қағы бактериялары тудырады6.

ПАРОДОНТИТ ҚАЛАЙ ДАМИДЫ

Аурудың дамуы бірнеше кезеңде өтеді3,4. Емдеу аурудың дамуының барлық кезеңдерін «бұғаттайтындай» таңдалады.

  • 1 кезең. Ауыз қуысындағы бактериялар тіс кіреукесіне қонып және көбейе бастайды. Қоздырғыштар тіс айналасындағы тіндерді бұзып және қызыл иектің қабыршақтануын тудыратын ферменттер мен уыттар бөледі. Емдеудің мақсаты - зиянды микроағзаларды жою.
  • 2 кезең.  Ағзада инфекцияға жауап ретінде иммундық реакциялар басталады, қызыл иектің қабынуы мен ісінуі байқалады. Созылмалы қабыну тіс айналасындағы тіндердің түзілу және бұзылу процестерінің біркелкілігін бұзады. Пародонт, одан кейін альвеолярлы сүйек бұзыла бастайды. Емдеу мақсаты - қабынуды басу.
  • 3 кезең.  Қабыну процесінде ағзада биологиялық белсенді заттар - қабынуға қарсы медиаторлар түзіледі. Олар тамырлар мен жүйке ұштарына әсер етіп, азапты симптомдар: ауырсыну, ісіну, қанау, ауыз қуысының шырышты қабықшасының зақымдануына себеп болады. Міндет - симптомдарды жеңілдету және тіннің жазылуын жеделдету.

ҚАНДАЙ ДӘРІГЕРГЕ ЖҮГІНУ КЕРЕК

Пародонтит белгілері пайда болғанда тұрғылықты жері бойынша стоматологиялық емханаға стоматолог-терапевтке жүгіну керек. Диагностика үшін тіс дәрігері сұрақтар қойып, тексереді  және қажет болған жағдайда қосымша тексеру мен басқа мамандардың кеңесін тағайындайды7.

ЕМДЕУ

Пародонтит қайтымсыз, алайда, процессті тоқтатуға болады. Емдеудің басты міндеттері: аурудың себебін —  инфекция қоздырғыштарын жою, қабынуды басу, симптомдарды жеңілдету, тістердің қызметін сақтау5.

Емдеудің бастапқы кезеңінде пародонтиттің басты себебі  — тіс қағынан құтылады. Ол үшін5:

  • тістерді кәсіби тазалауды жүзеге асырады;
  • тіс шөгінділерін кетіреді;
  • пациентті ауыз қуысының дұрыс гигиенасы бойынша оқытады.

Пародонтитті дәрілік емдеудің негізін антисептиктер — бактерияларды жоятын құралдар құрайды5. Бактерияларды жойғаннан кейін, олар тудырған қабыну процестерін тоқтату қажет. Осы мақсатта қабынуға қарсы құралдар қолданады. Ауыздың шырышты қабықшасының қабыну реакциясы қатты ауырсыну, ісіну және қан кетумен қатар жүреді. Сондықтан пародонт ауруларын емдеуде Холисал ®8 гелі сияқты кешенді әсері бар препараттар қажет.

Холисал® құрамында 2 бірдей әсер ететін зат — холин салицилаты және цеталконий хлориді9 бар,  олар парадонтитпен барлық кезеңдерде күресуге көмектеседі. Холин салицилаты стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобына жатады, яғни оның тікелей қабынуға қарсы әсері бар. Сондай-ақ, холин салицилаты жергілікті ауырсынуды басатын, бактерияға қарсы және зең ауруларына қарсы әсерлерді қамтамасыз етеді. Цеталконий хлорид — антисептик, ол бактериялар, вирустар және зең ауруларына қарсы қосымша әсер етеді. Белсенді құрамдауыштар препараттың гельдік жабысқақ негізіне байланысты ауыздың шырышты қабатында ұзақ уақыт сақталады. Ауырсынуды басатын әсер гельді қолданғаннан кейін 2-3 минуттан кейін дами бастайды және 2-8 сағатқа дейін сақталады 8,9.

ПРОФИЛАКТИКА

Емдеуден кейін, алдын алу үшін, тіс дәрігеріне тұрақты бару керек. Бару аралығы емделушінің тіс қағымен  қаншалықты сәтті күресетініне байланысты және 2 айдан 12 айға дейін болуы мүмкін 4. Профилактикалық қабылдау кезінде дәрігер тек бақылау емтиханын жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар жалғыз белсенді пародонт қалталарын жоя алады. Ол үшін олар тазартылады (қырып тазалау) және антисептиктермен 4, соның ішінде Холисал® гелімен өңделеді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Сергеев Ю.А., Кругляк С.Е. және қосавт. Пародонтиттің периодонтиттің дамуымен байланысы. «Integral» халықаралық қолданбалы ғылымдар және технологиялар журналы. 2018; 4: 38 б.
  2. Наврузова У. Жалпыланған пародонтит этиопатогенезінің қазіргі аспектілері (әдебиетке шолу). Биология және интегративті медицина. 2019; ақпан № 2 (30): 62-89.
  3. Пародонт аурулары/ Гончарик П.В., Кравченко А.В. және қосавт. — Гомель: ГУ «РНПЦ РМиЭЧ», 2018. — 37 б., бет.5-6, 8-20, 28-31.
  4. Пародонтология / ред. Янушевич О.О. , Дмитриева Л.А. — Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа, 2018. — 752 б., т.4, бет.1., тар.5, бет.1-10, тар.27, бет.1-6.
  5. Пародонтит диагнозына арналған клиникалық ұсыныстар (емдеу хаттамалары). 2018 жылғы 2 тамызда өзектендірілген.
  6. Терапевтік стоматология: ұлттық нұсқаулық/ред. Дмитриева Л.А., Максимовский Ю.М.. — 2-бас., өңделген және толықтырылған — Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа, 2021. — 888 б., тар.14, бет.12, 36-37, т.29, бет.1.
  7. 2020 жылғы 31 шілдедегі № 786н  Стоматологиялық аурулар кезінде ересектерге медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту туралы бұйрық.
  8. Максимова О.П. «Холисал» препаратының пародонт аурулары мен ауыз қуысының шырышты қабықшасын кешенді емдеудегі рөлі. Клиникалық стоматология. 2018; 2 (86): 46-48.
  9. Холисал ® стоматологиялық гель (холина салицилаты, цеталконий хлориді) препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Қарсы көрсетілімдері бар. Қолдану алдында нұсқаулықпен танысу керек.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ӨЗ БЕТІМЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН КЕЛТІРУІ МҮМКІН