СТОМАТИТ

Ауыздың шырышты қабықшасы тітіркендіргіш факторлармен тұрақты жанасады және қалыпты жағдайда оларға тұрақты болады. Дегенмен, ауру тудыратын бактериялар, жарақаттар және ішкі мүшелердің жұмысының бұзылуы салдарынан зақымдалуы мүмкін. Бұл жағдайда, ауыз қуысының шырышты қабықшасының қабыну негізіне туындайтын, ең кең таралған патологиясы — стоматит пайда болады1.

ЕРЕСЕКТЕРДЕГІ СТОМАТИТ СИМПТОМДАРЫ

Ауыздың шырышты қабықшасында көптеген жүйке ұштары орналасқан, сол себепті қабыну реакциясы кезінде ауырсыну болады 2. Қабынған орын ісінуі, қызаруы, қанауы мүмкін. Ауызда шаншу, күйдіру, тырысу сезімі, металл дәмінің келуі, ауыздан жағымсыз иіс шығуы секілді симптомдар пайда болуы мүмкін. Олардың байқалуы азапты ауырсыну түрінде немесе жай көрініс түрінде болуы мүмкін 1.

Инфекциялық стоматит жағдайында жалпы жағдайдың өзгеруі: температураның жоғарылауы, әлсіздік, өзін нашар сезіну, бас және бұлшықет аурулары байқалады 1.

СЕБЕПТЕРІ

Стоматиттің себептері сыртқы және ішкі түрлерге жіктеледі. Көп жағдайда, осы факторлардың өзара әрекеттестігі байқалады1.

Ішкі факторларға стоматиттің дамуына ықпал ететін немесе ауыз қуысының шырышты қабатында көріністері бар мүшелер мен дене жүйелерінің аурулары: асқазан-ішек жолдарының патологиясы, қант диабеті, қан аурулары, жүрек-тамыр жүйесі және басқалар жатады 1.

Сыртқыларына эпителийді тікелей зақымдайтын — жарақаттар және инфекциялар жатады1.

Жарақаттардың ішінде механикалық зақым жиі кездеседі. Ауыз қуысының жұмсақ тіні тістің өткір жиектерінен, пломбадан, тіс тасынан жарақаттанады 1. Көбінесе сапасыз протездер шырышты қабыққа жарақаттық әсер етеді. Толық алынбалы протездері бар пациенттер екі жағындағы тістер қатары сақталған адамдармен салыстырғанда стоматиттен 3,3 есе зардап шегеді3.

Жұқпалы патологияның ішінде ұшық стоматиті диагнозы жиі қойылады. Оның үлесіне ауыздың шырышты қабығының барлық ауруларының 85% тиесілі 3.

Тек патогенді ғана емес, ауыздың шырышты қабатының «қалыпты» флорасынан туындайтын стоматиттер саны артып келеді. Зақымдалмаған сау шырышты қабық инфекцияға қарсы тұра алады. Дегенмен, аурудың дамуына ықпал ететін факторлар бар1,3:

  • ауыз қуысының жеткіліксіз гигиенасы;
  • зиянды әдеттер (темекі шегу, ішімдік қабылдау);
  • аллергия (тағамға, тұрмыстық химияға);
  • күйзеліс;
  • антибиотиктерді тиімсіз қабылдау;
  • кәсіби зиян.

Осы факторлар болған кезде, негізінен аузында тұратын микрофлора патогендік қасиеттерді көрсете бастайды және қабыну процесін тудыруы мүмкін3.

СТОМАТИТТІҢ ТҮРЛЕРІ

Зақымданудың тереңдігіне тәуелді стоматиттің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады1:

  • катаральді (қабынбалы);
  • афтозды;
  • жаралы.

Ағза ауыздағы жараға немесе инфекцияға қабыну түрінде жауап қайтарады, ол ауырсыну, ісіну, қан кету, қызыл немесе көкшіл түсті дақтардың пайда болуынан байқалады. Катаральді стоматит пайда болады. Бұл беттік қабыну, дұрыс емдеген жағдайда із-түссіз жоғалады 4.

Шырышты қабықшаның зақымдануы біршама терең болса, онда эрозия немесе афта — дөңгелек пішінді, қабынған жиегі бар, эпителийдің беттік ақауы пайда болады. Афта ауырады, оның беті сұрғылт-сары қақпен жабылған. Афта жазылғаннан кейін, ізі қалмайды. Ересектердегі афтозды стоматит жаңа ақаулар пайда болғанда рецидивті формаға ауысады3,4.

Эпителий терең зақымданғанда жара пайда болады. Жараның жиектері жыртылған, ашылған немесе табақ тәрізді болуы, түбінде іріңді қақ, некрозды массалар болуы, жанасқанда аздап қанауы мүмкін. Жара тереңдеп бұлшықет немесе сүйекке дейін жетуі мүмкін. Ол жазылғаннан кейін тыртық қалады 1,4.

Созылмалы жарақат орнында, мысалы, алынбалы протездің жиектері үнемі тітіркенгенде, фиброзды тін өсіп кетуі мүмкін, ол ісік тәрізді түзілімдермен (фибромалармен) немесе ақшыл дақтар (лейкоплакия) түрінде болады 1.

СТОМАТИТТІ ҚАЛАЙ ЕМДЕЙДІ

Стоматитті емдеудің мақсаты — аурудың себептерін жою, қабынуды басу, симптомдарын жеңілдету және шырышты қабықшаның қалпына келуін жеделдету. Осы мақсатта жергілікті және жалпы терапия тағайындалады1.

Жергілікті емдеу тікелей ауыз қуысында жүзеге асырылады (шаю, жақпамайлар, гельдер) Ол келесі міндеттердің шешімін табуы керек:

  • аурудың себебін — жарақат немесе инфекцияны жою. Ол үшін тіс тасы немесе қағын кетіреді, тістердің өткір жиектерін тегістеп, протездерді түзетеді. Инфекцияны емдеу үшін және қайта түсуінің алдын алу үшін антисептиктер тағайындайды 1,5. Инфекциялық стоматитке бактериялар, вирустар, зең аурулары себеп болады. Сол себепті, барлық қоздырғыштарға қатысты белсенді препараттардың артықшылығы бар;
  • қабынуды басу. Қабыну реакциясы ауру тудырып, ісінуді күшейтетін қабыну факторларының орын алуымен қатар жүреді. Айналасындағы тіндер жаншылып және баяу жазылады. Жараға инфекция түсетін болса, қабыну одан әрі таралады. Оған жол бермеу үшін қабынуға қарсы құралдар қолданылады5;
  • симптомдарын жеңілдету. Стоматит жағдайындағы ауру, ісіну, қан кету күнделікті өмір сатын бұзады. Тағам қабылдау, ұйықтау, тісті тазалау, сөйлеу кезінде ауырсыну болмауы үшін ауруды басу талап етіледі. Осы мақсатта ауруды басатын препараттар пайдаланылады 2,5.

Холисал® стоматологиялық гелі кешенді әсер көрсетуіне байланысты, стоматитті емдеуде көптеген міндеттердің шешімін табуға мүмкіндік береді. Оның құрамында екі белсенді құрамдауыш бар6:

  • холин салицилаты — қабыну реакциясының даму механизмдеріне әсер етіп және стоматит симптомдарын жеңілдететін қабынуға қарсы құрал;
  • цеталконий хлориді — зең ауруы, вирустар, бактерияларға қатысты белсенді антисептик.

Гельді адгезиялық негіз әсерінің дамуын қамтамасыз етеді және әсер ететін затты шырышты қабықшада ұзақ уақыт ұстап тұрады 665.

Жалпы емдеу жергілікті шаралармен бір мезгілде қолданылады және ол келесілерді қамтиды1:

  • стоматитке себеп болған фондық ауруларды емдеу. Бейінді мамандар жүргізеді;
  • көрсетілімдер бойынша жалпы әсері бар құралдар: дәрумендер, қабынуға қарсы, вирусқа қарсы құралдар, иммуномодуляторлар т.б. тағайындау.

Ісік тәрізді фиброзды өсінділер бар болған жағдайда, хирургиялық алып тастау қажет болуы мүмкін1.

Стоматиттің жиі рецидивтері аурудың ауыр формаларға ауысуына ықпал етеді, қиын емделеді және сол себепті, тіс дәрігеріне тұрақты тексеруден өтіп және маманның барлық нұсқауларын орындау керек3.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Терапевтік стоматология: ұлттық нұсқаулық/ред. Дмитриева Л. А. Максимовский Ю. М. — 2-бас., өңделген және толықт. — Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа, 2021. — 888 б., т.17.
  2. Максимова О.П. «Холисал» препаратының пародонт аурулары мен ауыз қуысының шырышты қабықшасын кешенді емдеудегі рөлі. Клиникалық стоматология. 2018; 2 (86): 46-48.
  3. Заркумова А.Е. Ауыз қуысының шырышты қабықшасының ауруының құрылымы. ҚазҰМУ хабаршысы. 2017; 3: 168-175.
  4. Ауыз қуысының шырышты қабықшасының негізгі аурулары: атлас / Бородовицина С.И. және басқалары; Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің ОТСиОП, 2019. ‒ 316 б., т.II,III,IV.
  5. Байбеков И.М., Рахманов Х.Ш. және қосавт.. Протездік стоматиттерді кешенді емдеуде қолданғанда «барва-флекс / сик» және холисал жарық диодтарының қабынуға қарсы және бактерияға қарсы әсері. Биология және медицина мәселелері 2020; № 4(120): 32-37.
  6. Холисал ® стоматологиялық гель (холина салицилаты, цеталконий хлориді) препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық.

Қарсы көрсетілімдері бар. Қолдану алдында нұсқаулықпен танысу керек.

ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ӨЗ БЕТІМЕН ЕМДЕЛУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН КЕЛТІРУІ МҮМКІН