ТІСТІ ЖҰЛҒАННАН КЕЙІНГІ ҚАН КЕТУ
Мақаланың мазмұны
Тісті жұлу кезінде ойығынан аздап қан кетеді. Қалыпты жағдайда ол 2-5 минуттан кейін өз бетінше тоқтайды және ұйыған қан түзілгеннен кейін аяқталады. Дегенмен кейде ойықтан қан кету орын алады 1. Бұл не себепті болады, оны өз бетінше тоқтатуға бола ма және профилактика үшін не істеу керек? Жауаптарын мақаладан оқыңыздар
ҚАН КЕТУ СЕБЕПТЕРІ
Қан кету қаупін арттыратын факторлар1:
- қанның ұйығыштығының төмендеуі (қан аурулары, қансұйылтпа қабылдау, әйел адамдарда етіккір кезеңі);
- жоғары артериялық қан қысымы;
- тісті күрделі жұлу (мысалы, «ақыл тіс»);
- ойыққа инфекция түсуі және қабынуы;
- отадан кейін істеуге болатыны және болмайтыны туралы дәрігердің нұсқауларын сақтамау.
ҚАН КЕТУ ТҮРЛЕРІ
Отадан кейінгі қан кету алғашқы және екіншілік болуы мүмкін. Алғашқы қан кету отадан кейін бірден басталады, екіншілік - қан тоқтағаннан кейін біраз уақыттан соң қайта басталады 2.
Ұзақ уақыт қан кету адамның жалпы жағдайын нашарлатады, әлсіздік, бас айналу, терінің бозаруы пайда болады. Артериалық қан қысымы төмендейді, рефлекстік тамыр соғуы жиілейді 2.
ҚАЛАЙ ТОҚТАТАДЫ?
Егер ойықтан қан кетсе, жарақатқа зарарсыздандырылған мақта тығынын салып және оны 15-20 минут бойы қатты тістеу керек. Ота аумағындағы теріге мұз салынған қапшықты басу да әсер етеді. Оны бір сағат бойы әр 15 минут сайын жасау керек. Әсері болмаса, дереу дәрігерге жүгіну керек 2.
ҚАН КЕТУ ПРОФИЛАКТИКАСЫ
Тісті жұлғаннан кейін ойықта ұйыған қан түзілуі керек. Оны зақымдаудан қорғау керек, себебі ол жарақатты инфекциядан қорғайды және ойықтың жазылуын қамтамасыз етеді. Ұйыған қанды зақымдаудан қорғау және қан кетудің алдын алу үшін отадан кейінгі ережелерді сақтау керек 1:
- отадан кейін 3-4 сағат бойы тамақтануға, сусын ішуге болмайды. Кейін салқын сұйық тағам ішуге болады. Ыстық және қатты тағам қолдануға болмайды;
- алғашқы 4-6 сағатта профилактика үшін ота жасалған проекцияда теріге мұз салынған қапшық басу керек. Оны әр жарты сағат сайын 10-15 минутқа жасап отыру керек;
- алғашқы 3-5 күнде жылулық процедураларға (ыстық ванна, монша, сауна), физикалық қозғалысқа, спортқа тыйым салынады;
- тісті жұлғаннан кейін алғашқы тәулік ішінде ауызды шаюға болмайды.
Жергілікті анестетиктің әсері басылғаннан кейін отадан кейінгі жарақат орны ауыруы мүмкін. Ауруды басу үшін Холисал® стоматологиялық гелін пайдалану керек. Оның құрамында келесі заттар бар3:
- холин салицилаты — тура қабынуға қарсы әсері бар СЕҚҚД тобының препараты. Ауруды басатын әсері 2-3 минуттан кейін пайда болып, 8 сағатқа дейін созылуы мүмкін;
- цеталконий хлориді — антисептик. Жарақатты бактериялар, зең, вирустардан қорғауға көмектеседі;
- гельді адгезиялық негіз — әсердің дамуын қамтамасыз етеді және белсенді құрамдауыштарды зақымдану орнында ұзақ уақыт ұстайды.
Гельді таза саусақпен жеңіл қозғалыспен тамаққа дейін немесе кейін және ұйқыға жатар алдында жағу керек 3. Тісті әдеттегі тіс щеткасымен, отадан кейінгі жарақат орнына тигізбей тазалауға болады 1.
Өзін-өзі диагностикалауға және өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды. Қалай болғанда да, сіз дәрігерге қаралуыңыз керек. Тек дәрігер ғана дұрыс диагноз қойып және оңтайлы емдеуді таңдай алады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Кулаков А.А. Хирургиялық стоматология /ред. Кулакова А. А. — Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа, 2021. — 408 б., т.5.
- Багненко С. Ф. Жедел медициналық көмек: ұлттық нұсқаулық/ред. Багненко С. Ф. , Хубутия М. Ш., Мирошниченко А.Г. , Миннуллина И.П.. — Мәскеу: ГЭОТАР-Медиа, 2015. — 888 б., т.10.2.
- Холисал ® стоматологиялық гель (холина салицилаты, цеталконий хлориді) препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық.