НҰСҚАУЛЫҚТАР
Ересектер мен балаларға арналған Холисал ® стоматологиялық гелін медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты оқыңыз
Ауыз қуысы ауруларын жергілікті емдеуге арналған инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар. Басқалары.
АТХ коды A01AB11
- ауыз қуысы шырышты қабығының қабыну үдерістерінде
- ауыз қуысы қабығының эрозиялы-ойық жаралы зақымдануында
- гингивитте
- пародонтитте
- салицилаттарға және дәрілік заттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктіліктің ІІІ триместрі, лактация кезеңі
- 3 жасқа дейінгі балалар
Тек өте көп артық дозаланған және холин салицилаттарының жүйелік әсер ету белгілері дамыған жағдайларда оның қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін және ауырғанды басатын басқа дәрілік заттармен синергиялық әсер ететіндігін ескерген жөн.
Бұл препараттың құрамында қосымша зат ретінде пропилпарагидроксибензоат (Е 216) және метилпарагидроксибензоат (Е 218) болғандықтан, қолданған кезде баяу жүретін аллергиялық реакциялардың байқалуы мүмкін.
Жүктілік
Жүктіліктің І және ІІ триместрлерінде Холисал® препаратын тек ана үшін күтілетін емдік әсері шарана үшін жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупінен басым болған жағдайларда ғана қолданады.
Лактация
Салицил қышқылының туындылары организм ана сүтінде бөлінеді және оларды емшекпен емізу кезінде пайдалануға кеңес берілмейді.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Холисал® көлік құралын басқаруға немесе қозғалыстағы механизмдермен жұмыс жүргізу қабілетіне әсер етпейді.
Күніне 2-3 рет тамақ ішер алдында (гель жағылғаннан кейін шамамен 30 минут ішуге және тамақтануға болмайды) және ұйықтар алдында қолдану керек.
Пародонт аурулары кезінде гель қалталарға енгізіледі немесе компресс түрінде қолданылады, немесе күніне 1-2 рет қызыл иекке абайлап жағылады. Емдеу курсын дәрігер белгілейді.
Теориялық тұрғыдан дәрілік заттың артық дозалануы мүмкін емес.
Симптомдары: қатты терлеу, құлақтың шуылдауы, жүректің айнуы, құсу, бас айналу, теріде білінуі (эритема немесе есекжем). Бұл симптомдар салицилаттарға сезімталдық жоғары болғанда, гельмен артық дозаланғанда және организмге холин салицилатының елеулі мөлшері сіңгеннен кейін білінуі мүмкін.
Емі: пациент ауыз қуысын судың мол мөлшерімен шаюы тиіс және қажет болған кезде құстыру қажет.
Қолданған жерде ұзаққа созылмайтын өткінші шымылдату әсерінің, аллергиялық реакциялардың басталуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Бір грамм препараттың құрамында
- белсенді заттар: 87.10 мг холин салицилаты,
- 0.10 мг цеталконий хлориді
қосымша заттар: гидроксиэтилцеллюлоза, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, глицерол, анис майы, 96% этил спирті, тазартылған су;
Jelfa фармзауыты A. Қ.
58-500 Еленя Гура, В.Поля к-сi, 21, Польша
Тел./ факс: (+48 75) 752 28 21/ (+48 75) 752 44 55
Электронды пошта: Jelfa@valeant.com
Ресей Федерациясы,115162, Мәскеу қ., Шаболовка к-сі, 31 үй, 5-құр,
«Бауш Хелс» ЖШҚ
Ресей Федерациясы,115162, Мәскеу қ., Шаболовка к-сі, 31 үй, 5-құр,
Тел./ факс: +7 495 510 2879
Электронды пошта: office.ru@bauschhealth.com
«Бауш Хелс» ЖШС
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A26T9G0, Медеу ауданы, Қажымұқан к-сі 22/5
Телефон + 7 727 3 111 516, факс +7 727 3 111 517
Электронды пошта: office.kz@bauschhealth.com
RUS-STO-SAC-SAC-04-2022-3482
*медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ауруды басатын әсері 2-3 минуттан кейін байқалуы мүмкін
1. Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық;
2. Морозов Д. И. Периодонтитті кешенді емдеуде жоғары жиілікті ультрадыбыстық және бактерияға қарсы терапияның аралас әсерін қолдану. МҒК ғылыми дәрежесіне диссертация Мәскеу 2021: 125 бет.;
3. Пародонтит диагнозындағы клиникалық нұсқаулар (Емдеу хаттамалары) 2018 ж.;
4. Гингивит диагнозындағы клиникалық нұсқаулар (Емдеу хаттамалары) 2018 ж.;
4. Максимова О. П. «Холисал» препаратының пародонт аурулары мен ауыз қуысының шырышты қабықшасын кешенді емдеудегі рөлі. Клиникалық стоматология, 2018; № 2: 46-48.;
6. Протезді стоматит: Байбеков И. М. және қосавт. Протездік стоматиттерді кешенді емдеуде қолданғанда «БАРВА-ФЛЕКС / СИК» және Холисал жарық диодтарының қабынуға қарсы және бактерияға қарсы әсері. Биология және медицина мәселелері 2020; № 4(120): 32-37.;
7. Люлякина Е.Г., Чижов Ю.В. Ауыз қуысының қайталанатын афт сараланған емдеудің тиімділігін талдау. Клиникалық стоматология. 2017;
8. Ауыз қуысының шырышты қабықшасының негізгі аурулары: атлас / Бородовицина С.И. және басқалары; Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің ФМББМ ЖО РязММУ ‒ Рязань: ОТСиОП, 2019. ‒ 316 б.