САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ
Төменде мазмұндалған пайдалану шарттары holisal.kz сайтын пайдалануды реттейді. Төменде берілген шарттар сақталған жағдайда аталған сайтқа кіру және оны пайдалану рұқсаты беріледі. Осы сайтты пайдалану арқылы, Сіз осы шарттарды сақтауға келісесіз. Егер пайдалану шарттарымен толық көлемде келіспейтін болсаңыз, бұл сайтты пайдаланбаңыз.
«Бауш Хелс» ЖШҚ кез келген уақытта сайтты пайдалану шарттарын немесе осы сайтты толық немесе жартылай өзгертуге құқылы болады. Аталған өзгерістер шығарылуына байланысты сайтта жарияланады және қолданылады. Сол себепті, біз сізден келесі сайтқа кірген кезде шарттарды қайта оқып шығуды және мүмкін болатын өзгерістерге немесе түзетулерге назар аударуды сұраймыз. Осы өзгерістерді жариялағаннан және қолданғаннан кейін сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз олармен келісіміңізді растайсыз.
Осы веб-сайтта жарияланған барлық ақпарат, файлдар, графикалық материалдар тек танысу үшін жалпы ақпарат көзі ретінде ұсынылған.
«Бауш Хелс» ЖШҚ осы сайт арқылы медициналық немесе соған ұқсас кәсіби қызметтерді, ұсыныстарды ұсынбайды және мұнда келтірілген ақпарат сіздің дәрігеріңіз ұсынған медициналық кеңестерді алмастыруға арналмаған, сонымен қатар кез-келген жеке денсаулық проблемалары үшін диагноз қою үшін пайдаланылмауы керек. Кез келген сұрақтар туындаса, әрқашан емдеуші дәрігерден және денсаулық сақтау саласындағы басқа білікті мамандардан кеңес сұраңыз.
ОСЫ САЙТТА ЖАРИЯЛАНҒАН БАРЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ҚАНДАЙ ДА БІР АЙҚЫН НЕМЕСЕ БОЛЖАЛДЫ КЕПІЛДІКСІЗ, ОЛАРМЕН ШЕКТЕЛМЕСТЕН КЕЗ КЕЛГЕН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛЖАЛДЫ КЕПІЛДІГІ, БЕЛГІЛІ МАҚСАТ ҮШІН ЖАРАМДЫЛЫҒЫ, ДӘЛДІЛІГІ НЕМЕСЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ БҰЗБАУЫ ҮШІН КЕПІЛСІЗ ҰСЫНЫЛАДЫ. СІЗДІҢ ОСЫ САЙТТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫН ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗ ЖЕКЕ ТӘУЕКЕЛІҢІЗГЕ НЕГІЗДЕЛЕДІ. «Бауш Хелс» ЖШҚ ОСЫ САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАЙТЫН ТІКЕЛЕЙ, ТІКЕЛЕЙ ЕМЕС, АРНАЙЫ, КЕЗДЕЙСОҚ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ШЫҒЫНДАР ҮШІН, ТІПТІ БІЗ ОСЫНДАЙ ШЫҒЫНДАР ЫҚТИМАЛДЫҒЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ АЛҒАН БОЛСАҚ ТА, СОНЫМЕН БІРГЕ, ТҰТЫНУШЫҒА НЕМЕСЕ ТҰТЫНУШЫДАН АҚПАРАТТЫ БЕРУДЕ НЕМЕСЕ АЛУДА ҚАТЕЛІКТЕР, ШЕГЕРІСТЕР, ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ, ВИРУСТАР, ФОРС-МАЖОР, ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚАУЛАР, БҰЗЫЛУ, ҰРЛЫҚ НЕМЕСЕ ОСЫ САЙТҚА АВТОРЛАНДЫРЫЛМАҒАН КІРУ РҰҚСАТЫ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Үшінші тұлғалардың тәуелсіз сайттарына сілтемелері
Бұл сайтта тарапты ресурстарға гиперсілтемелер берілуі мүмкін. Осы сайтта орналастырылған сілтемелер арқылы өте отырып сіз holisal.kz сайтынан шығып кетесіз. «Бауш Хелс» ЖШҚ сілтемелер және онда жарияланған материалдар, тарапты ресурстардың иесі болып табылмайды. «Бауш Хелс» ЖШҚ осы сайтта орналастырылған сілтемелер арқылы өтуден туындайтын кез келген шығын үшін жауапты болмайды.
Бұл сайтта тарапты сайттарға сілтемелер тек қолайылық үшін беріледі.
Зияткерлік меншік
Осы сайттың мазмұны Ресей Федерациясының және басқа юрисдикциядағы авторлық құқықтарды қорғау нысаны болып табылады. Барлық құқықтар қорғалған. Авторлық құқыққа немесе құқық иеленушіге барлық сілтемелерді сақтай отырып, жеке коммерциялық емес пайдалану мақсатында біржолғы көшіруді қоспағанда, осы сайттың мазмұнын көшіруге болмайды. Қайта көшіруге, ойнатуға және басқа редистрибуция форматтарына тыйым салынады. Осы құжатта қарастырылған пайдалану жағдайларынан басқа, аталған сайтта немесе оның кез келген бөлігінде кез келген электрондық немесе физикалық тасымалдағышта жарияланған кез келген ақпаратты, мәтінді, құжаттарды немесе материалдарды «Бауш Хелс» ЖШҚ жазбаша келісімінсіз құжаттарда көшіруге, көрсетуге, жүктеуге, таратуға, өзгертуге, көбейтуге, қайта жариялауға немесе беруге немесе жоғарыда аталған суреттерге, мәтіндерге немесе материалдарға негізделген кез келген туынды материалдарды жасауға тыйым салынады.
Осы шарттарда мазмұндалған еш нәрсе қандай да бір түрде «Бауш Хелс» ЖШҚ, Бауш Хелс тобының кез келген компаниясы немесе үшінші тарапқа тиесілі кез келген патент, лицензия немесе құқықты ұсыну түрінде түсіндірілмеуі керек. Егер сайтта басқа жағдай тікелей көрсетілмеген болса, тауар белгісі символымен немесе онсыз көрсетілген барлық өнімдер атаулары Бауш Хелс тобының компанияларының тауар белгілері болып табылады. Осы құжатта рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, аталған тауар белгілерін немесе кез келген басқа материалдарды пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Барлық брендтердің атаулары, символдар, ұрандар, логотиптер, қызмет көрсету белгілері және сауда белгілері, олар курсивпен, қалың және/немесе бас әріптермен, сауда белгісімен немесе сауда белгісісіз көрсетілсе де, Бауш Хелс тобының компанияларына тиесілі немесе лицензияланған және ұлттық және халықаралық сауда белгілері авторлық құқық туралы заңнамаға сәйкес қорғалған.
Контентті немесе тауар белгілерін немесе қандай да бір материалдарды кез келген рұқсатсыз пайдалану авторлық құқықтар, тауар белгілері, бәсекелестік, жарнама, құпиялылық және өзге де заңнама туралы ұлттық және халықаралық заңнаманы бұзу болып табылуы мүмкін және Бауш Хелс компаниялар тобының құқықтарын бұзу болып табылуы мүмкін. Осындай заңсыз пайдалану сіздің жеке жауапкершілігіңізге себеп болады. Бұл сайттың барлық контентіне қатысты.
(а) Авторлық құқықтармен қорғалған суреттер және басқа да материалдарды көбейту. Кез келген сурет жағдайындағыдай цифрлы суреттің көшірмесін иелену оны пайдалану бойынша шектеусіз құқықтар бермейді. Суреттерге авторлық құқық негізінен фотографқа тиесілі және тек авторлық құқықтық иесі немесе иесінің заңды өкілі ғана суреттерді көшіру, тарату немесе көпшіліктің пайдалануына рұқсат бере алады.
(б) Кәсіби фотограф жасаған фотосуреттерді немесе басқа да авторлық құқықпен қорғалған материалдарды авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.
(в) осы сайыттағы ақпаратты пайдалану. Осы сайттағы суреттер мен басқа да материалдарға авторлық құқықтар Бауш Хелс компаниялар тобына немесе оларды сайтта пайдалануға рұқсат берген жекелеген фотографтарға тиесілі.
(г) Басқа суреттер мен ақпаратты пайдалану. Басқа суреттер мен ақпаратты коммерциялық емес мақсатта жүктеуге, қайта басуға және көбейтуге болады. Басқа суреттер немесе ақпарат Бауш Хелс компаниялар тобының немесе фотографтың арнайы рұқсатынсыз өзгертілмейді.
Бұл сайтта жарнамалық және іскери серіктестерді, лицензиарларды, лицензиаттарды, демеушілерді, жарнама берушілерді және/немесе бәсекелестерді қоса алғанда, үшінші тұлғаларға тиесілі зияткерлік меншік болуы мүмкін. Тарапты өнімдер/фирмалық атаулар және/немесе логотиптер сәйкес иелерінің тауарлық белгісі болып табылады.
Юрисдикция
Бұл сайт Ресей Федерациясында тіркелген және орналасқан «БАУШ ХЕЛС» ЖШҚ тиесілі және дүние жүзінің кез келген мемлекетінде немесе аймағында қол жетімдінемесе қол жетімді емес өнімдер туралы нақты ақпаратты қамтиды, әртүрлі елдерде әртүрлі сауда белгілерімен қол жетімді болуы және мемлекеттік реттеуші орган сатуға рұқсат етуі немесе немесе әртүрлі көрсеткіштер бойынша немесе әртүрлі елдерде немесе аймақтарда әртүрлі шектеулермен пайдалануды мақұлдауы мүмкін.
Сайттағы өнімдер туралы ақпарат тек Ресей Федерациясының азаматтарына арналған. Бұл сайтта Ресей Федерациясынан тыс болуы мүмкін әлемдегі басқа Бауш Хелс бөлімшелеріне сілтемелер болуы мүмкін. Бұл сайттарда Ресей Федерациясына сәйкес келмейтін ақпарат болуы мүмкін. Қандай жағдайда болмасын осы сайттардағы ақпарат сіз тұратын мемлекеттің заңнамасы мен ережелеріне сәйкес рұқсат етілмеген кез келген өнімді пайдалануға ынталандыру немесе жарнамалау ретінде түсіндірілмеуі керек.
Құпия емес ақпарат
Қолданыстағы заңнамада тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда, сіз бізге кез келген тәсілмен, соның ішінде осы сайт, электрондық пошта немесе басқа жолмен жіберетін кез келген хабарламалар немесе материалдар құпия емес болады және болып табылады. Біз осындай хабарламадағы барлық идеяларды, ұсыныстарды, өнертабыстарды, ноу-хауды және әдістерді кез келген мақсатта, соның ішінде өнертабыс, әзірлеу, өндіру және өнімді сату үшін еркін пайдалана аламыз.